Міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мүгедектігі бар адамдардыңөмір сүру сапасын арттыру, денсаулығын сақтау және лайықты жағдай жасау мақсатында мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министінің орынбасары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығы мен бекітілген Қағидаларының 93-тармағына сәйкес, медициналық көрсетілімдер болған жағдайда жөргектермен қамтамасызету:

 

жылына 1460 дана (күніне 4 дана) көлемінде жүзеге асырылады.

 

Алушының таңдауы бойынша қамтамасыз етутоқсансайын — бір тоқсанда кемінде 365 дана мөлшерінде, жылдық норма шегінде жүргізіледі.

 

Қазіргі уақытта Әлеуметтік қызметтер порталында қамтамасыз ету тоқсан сайынғы форматта қарастырылған. Бұл бюджет қаражатын тиімді және жоспарлы пайдалану мақсатында енгізілген шектеу болып табылады және белгіленген жылдық норма көлеміне әсер етпейді.

 

Қамтамасыз ету жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады және алушылардың жайлылығы мен өмір сапасын қолдауға бағытталған.

 

Қосымша ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгінуге болады.

 

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zko/press/news/details/1175416?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді