Екібастұз қаласында «Білім беру үдерісін трансформациялау: оқыту сапасын арттырудағы жасанды интеллектіні саналы пайдалану» тақырыбында әдістемелік интенсив өтті. Іс-шара «Digital Teacher» қалалық жобасы аясында ұйымдастырылып, оқу үдерісіне заманауи цифрлық құралдарды енгізуге мүдделі педагогтердің басын қосты.
Интенсивтің ұйымдастырушысы — Екібастұз қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті. Цифрлық тәжірибелерді апробациялау және енгізу бойынша тәжірибелік алаң ретінде № 6 мектеп-лицейі белгіленіп, осы білім ордасының базасында педагогтер өзара тәжірибе алмасып, оқу процесінде жасанды интеллект құралдарын қолдану мүмкіндіктерін талқылады.
Іс-шараның басты ерекшелігі — практикалық бағыттылығы. «Цифрлық тетік» питч-сессиясы аясында мұғалімдер заманауи сабаққа арналған авторлық әзірлемелерін, лайфхактарын және цифрлық шешімдерін ұсынды. Ал педагогикалық баттл мен кейстерді талдау барысында қатысушылар нақты оқу жағдайларын онлайн форматта талқылап, үздік тәжірибелерді саралап, жасанды интеллект құралдарын нақты сыныптың қажеттіліктеріне бейімдеу жолдарын қарастырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-goo/press/news/details/1176621?lang=kk

Жауап қалдыру