
Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезекті сессиясы 2026 жылғы 18 наурыз күні сағат 11:00-де Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін назарларыңызға саламын.
Мекен-жайы : Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі №28 ғимарат, Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залы. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 18 наурыз күні сағат 10:30-дан бастап жүргізіледі.
Сессияның қарауына мына мәселе ұсынылады.
- Түркістан қаласы әкімдігінің «құрылыс бөліміне» жүктелген міндеттер мен функциялардың 2025 жылы атқарған жұмыстарының есебі;
- Түркістан қаласы әкімдігінің «жер қатынастары бөліміне» жүктелген міндеттер мен функциялардың 2025 жылы атқарған жұмыстарының есебі;
- Түркістан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне» жүктелген міндеттер мен функциялардың 2025 жылы атқарған жұмыстарының есебі;
- Түркістан қалалық мәслихатының шешімдерінің орындалуы туралы.
Келіп түсуіне байланысты басқа мәселелер қаралуы мүмкін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-city/press/news/details/1176765?lang=kk

Жауап қалдыру