
Өңірде Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті, солтүстікқазақстандық әйелдерді көктемнің шуақты мерекесімен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады. Өңір басшысы Президенттің атынан еліміз бен өңіріміздің дамуына айрықша үлес қосқаны үшін мемлекеттік наградалар мен құттықтау хаттарды табыс етті.
«Солтүстік өңірі талантты қыз-келіншектерге бай. Олар спортта биік белестерді бағындырып, табысты жобаларды жүзеге асырып, ұрпақ тәрбиелеп, кәсіби қызметте жоғары жетістіктерге жетіп келеді. Күнделікті еңбегі мен табандылығының арқасында өңіріміздің және тұтас еліміздің өркендеуіне зор үлес қосуда. Әрбір жеңіс, әрбір жүзеге асқан бастама – Солтүстік Қазақстанның гүлденуіне қосылған маңызды үлес. Осының айқын дәлелі жерлестерімізге көрсетілген жоғары марапат. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечинаны «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен, Парламент Сенатының депутаты Әсем Рахметованы «Құрмет» орденімен, ал конькимен жүгіруден абсолютті әлем чемпионы Кристина Шумекованы «Парасат» орденімен марапаттады. Барша аруларымызға еңбегі, даналығы, сабырлылығы үшін шын жүректен алғыс айтамын. Әр күндеріңіз қуанышқа толы болып, жаңа жетістіктерге жете беріңіздер. Сіздер – біздің мақтанышымыз, ертеңіміз және өміріміздің шуағысыздар»,- деді өңір басшысы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-sayasat/press/news/details/1177165?lang=kk

Жауап қалдыру