
Түймекент ауылдық округінде мереке қарсаңында спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында әйелдер арасында волейбол, арқан тарту, қол күресі спорт түрлерінен ауылдық округ әкімінің кубогі үшін аймақтық турнир өтті.
Жарысқа әр мекемеден құралған 7 команда қатысып, өзара тартысты ойын көрсетті. Турнир барысында командалар жоғары деңгейдегі шеберліктерін танытып, көрермендерге қызықты ойын сыйлады.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлделі орын алған командалар арнайы Диплом, медаль, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жалпы командалық есепте бірінші орынды Ғ.Байтасов тірек мектебінің командасы иеленсе, екінші орын Түймекент орта мектебіне бұйырды. Ал үшінші орынға «Орынкүл» балабақшасының командасы ие болды.
Аталған спорттық шара тұрғындарды спортқа баулып, достық пен бірлікті нығайтуға үлкен үлес қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1177162?lang=kk

Жауап қалдыру