
13 ақпан күні жауынгер-интернационалистерді еске алуға арналған мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұл шара Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған азаматтарға көрсетілген құрметтің айғағы болды.
Іс-шараға Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Қ.Т. Оразов, аудандық мәслихат төрағасы М.Р. Жүсіпбеков, Қоғамдық кеңес төрағасы М.К. Жабин, сондай-ақ ардагерлер мен аудан тұрғындары қатысты.
Рәсім барысында жауынгерлердің ерлігі мен табандылығы, антқа адалдығы туралы тағылымды сөздер айтылды. Қатысушылар олардың ерлігі ел тарихында мәңгі сақталатынын атап өтті. Ардагерлерге зор денсаулық, амандық және бейбіт өмір тілектері білдірілді.
Еске алу шаралары Қулыкөл ауылдық округіне қарасты Қулыкөл ауылында жалғасын тауып, онда атаулы күнге арналған шайбалы хоккейден дәстүрлі турнир өтті.
Турнирдің ашылуында аудан әкімі Рустем Мұқашұлы Елубаев сөз сөйлеп, тарихи жадыны сақтау маңыздылығын атап өтіп, ардагерлерге алғыс білдіріп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1 орын – Ақжар ауданы
2 орын – Дизайн сити(Көкшетау қаласы)
3 орын – Уәлихан ауданы
Сонымен қатар жеке номинациялар бойынша:
«Үздік қақпашы» – Тілек Кәрібай(Ақжар ауданы)
«Үздік қорғаушы» – Қанат Жүнісов(Көкшетау қаласы)
«Үздік шабуылшы» – Марат Дүйсенов(Уәлихан ауданы)
«Спорт ардагері» – Приль Сергей(Уәлихан ауданы), Асылбек Исин(Ақжар ауданы), Владимир Богдан(Көкшетау қаласы)
Жеңімпаз командалар 100 мың, 75 мың, 50 мың көлемінде, ал жеке номинация бойынша 20 мың теңге мөлшерінде сыйақымен марапатталды.
Бұл шара батырларды ұлықтаумен қатар, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің жарқын үлгісіне айналды. Ерлікке тағзым — елдіктің белгісі, ал батырлардың есімі халық жадында мәңгі сақталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-akzhar/press/news/details/1177163?lang=kk

Жауап қалдыру