Шортанды кентінде жаңа медициналық орталық пен кинезис орталықтары ашылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Медициналық орталық амбулаториялық қызмет көрсетіп, күндізгі стационар, зертхана және дәріхана пунктімен жұмыс істейді. Орталық заманауи әрі сапалы медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда тұрғындарға терапевт, гастроэнтеролог, эндокринолог, дерматолог, гинеколог, кардиолог және УЗИ мамандары қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар, осы аумақта кинезис орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықта тұрғындар үшін спорттық жаттығулар, йога және денсаулықты қалпына келтіруге арналған реабилитациялық жаттығулар өткізіледі. Арнайы емдік тренажерлар арқылы денсаулықты қалпына келтіруге арналған жаттығулар жүргізіледі.

Жаңа орталықтар аудан тұрғындарына сапалы медициналық және сауықтыру қызметтерін қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-shortandy/press/news/details/1178158?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді