ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТОРЛАР ТУРИЗМ САЛАСЫНДА ЖАҢА ЖОБА ҰСЫНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
▪️Түркістан облысы әкімдігі шетелдік инвесторлармен бірлесе отырып, аймақтағы экономиканы әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және облыстың туристік тартымдылығын арттыруға күш салуда. Осы мақсатта Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек Қытайдан келген инвесторлармен кездесу өткізді. Кездесуде тараптар әріптестікті тереңдету, жаңа туристік жобаларды іске асыру жайын жан-жақты талқылады.
▪️Облыс әкімінің орынбасары Түркістан облысының сенімді серіктес болатынын жеткізіп, өңір туралы ақпараттандырды. Сондай-ақ облыс әкімдігі тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетіліп, жобалардың сапалы жүзеге асуы үшін барлық жағдай жасалатынын жеткізді.
📌– Түркістан облысы шетелдік компаниялармен ынтымақтастық орнатуға әрқашан дайын. Бүгінде өңірде Қытай инвесторларының қатысуымен бірқатар ірі жоба сәтті іске асырылуда. Әсіресе, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп саласында жаңа жобалар қолға алынған. Облыста инвсеторлар үшін жақсы жағдай жасалып, жеңілдіктер қарастырылған. Ол үшін индустиалдық және экономикалық аймақтар бар. Туризм саласын дамытуға мүмкіндіктер ашатын жобаларды қолдауға дайынбыз, – деді Қанат Қайыпбек.
▪️Инвесторлар Түркістан облысы шетелдік компанияларға барлық қолдау көрсетіп жатқанын айтып, өңірдің әлеуетіне қызығушылық танытты. Компания туралы толық ақпарат беріп, туризм саласында жаңа жобаларды ұсынды. Демалыс аумақтарында көрініс алаңдарын, капсула үйлер орнату жобаларын таныстырды. Олар наурыз айының соңында құрылыс жұмыстарын бастауға дайын екенін айтып, жергілікті биліктен жұмыс процесін тездетуге қолдау көрсетуді сұрады.
▪️Кездесу барысында тараптар бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасты, сонымен қатар, облыстың туристік әлеуетін арттыру мақсатында алдағы уақытта өзара тиімді серіктестік орнату туралы келісті. Бұл жобалар облыстың экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосып, туристік инфрақұрылымның дамуына үлкен әсер етпек.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1178161?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді