Әйелдер көшбасшылығы – қоғам дамуының қозғаушы күші

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудандық жалпыұлттық коалиция мүшелері аудандық іскер әйелдер қауымдастығы мүшелерімен дөңгелек үстел өткізді. Кездесу барысында ел дамуына бағытталған маңызды бастамалар мен қоғамдағы әйелдердің рөлі кеңінен талқыланды.

Дөңгелек үстел барысында коалиция мүшелері референдумның маңыздылығына тоқталып, әр азаматтың ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге белсенді қатысуы қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері өз ой-пікірлерін білдіріп, қоғамның дамуына, кәсіпкерлікті қолдауға және әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Еркін пікір алмасу форматында өткен жиын өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді. Қатысушылар елдің тұрақты дамуы жолында бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1178815?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді