Жамбыл облысында қолайсыз ауа райы кезінде 100-ге жуық патрульдік полиция қызметкері 6000-ға жуық көлікті алып жүрді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысында қолайсыз ауа райы кезінде 100-ге жуық патрульдік полиция қызметкері 6000-ға жуық көлікті алып жүрді

Жамбыл облысында 10 наурыз күні ауа райының күрт нашарлауына байланысты патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген қызмет режиміне көшірілді. Қалың қар жауып, боран тұруы салдарынан көріну қашықтығының шектелуі автомобиль жолдарының кейбір учаскелерінде уақытша шектеулер енгізуге себеп болды.

Өңір жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы шамамен 100 полиция қызметкері мен 37 патрульдік экипаж жұмыс істеді.

Жолдарда көліктердің көп жиналуына байланысты полицейлер көлік құралдары тобының алдында жол бастап жүргізуді ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.

Патрульдік полиция қызметкерлері жолдың ең күрделі учаскелерінде жүргізушілерге көмектесіп, көліктерді қауіпсіз өткізу үшін оларды алып жүрді.

Жүргізілген шаралар барысында барлығы 6000-ға жуық жеңіл автокөлік сүйемелденді. Оның ішінде 150 жолаушылар тасымалдайтын көліктер бар.

Қазіргі уақытта өңірдің автожолдарында шамамен 690 жүк көлігі тоқтап тұр. Олардың жүргізушілері ауа райының тұрақтануын және қозғалысқа қойылған шектеулердің алынуын күтуде.

Полицейлер жүргізушілерге жолда аса мұқият болуды, ауа райы жағдайын ескеруді, уақытша енгізілген шектеулерді қатаң сақтауды және полиция қызметкерлерінің талаптарын орындауды ескертеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1178683?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді