
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2,4-тармақтарына сәйкес, 2026 жылғы 12-30 наурыз аралығында «Алатау қаласы кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінде келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі:
– бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде;
– ұйымдастыру-басқару қызметінде.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайда Сіз келесі телефон бойынша хабарласа аласыз: 8/747/554-44-70, маман Мүбәрак Ернар Бағдатұлы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-alatau/press/news/details/1179922?lang=kk

Жауап қалдыру