
Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі базасында биатлоннан жасөспірімдер арасындағы республикалық чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік жас биатлоншылар додада бақ сынап, жүлделі орындар үшін күресуге және өздерінің жоғары дайындық деңгейін көрсетуге жиналды.
Ертең чемпионаттың алғашқы жарыс бағдарламасы – жеке жарыс өтеді. Бұл сында жас спортшылар өздерінің жылдамдығын, дәлдігін және төзімділігін паш етпек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1179951?lang=kk

Жауап қалдыру