
2026 жылғы 12 наурызда Талдықорған қаласындағы Қ.Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейі базасында 8–11 сынып оқушылары арасында республикалық «Әбіш оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты – мектеп оқушылары арасында көрнекті жазушы Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын насихаттау, жас ұрпақтың тарихи танымын кеңейтіп, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
Жалпы облыс көлемінде аталған байқауға 88 оқушы қатысып, оның 53-і жүлделі орындарға ие болды (І орын – 9, ІІ орын – 13, ІІІ орын – 31).
І орын иегерлері байқаудың республикалық қорытынды кезеңіне қатысуға жолдама алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-edu/press/news/details/1180604?lang=kk

Жауап қалдыру