
Екпінді ауылдық округінде 14 наурыз – халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлі мерекелерінің бірі Көрісу күніне орай “Амал келді, жыл келді!” атты тағылымды шара ұйымдастырылды. Шара барысында қатысушылар көрісу күнінің мәні мен маңызы туралы мағлұмат беріп, қазақ халқының бір-бірімен амандасып, өкпе-ренішті ұмытып, ақ тілектер айтатын ерекше дәстүрі таныстырылды. Қатысушылар ұлттық киім киіп, бір-бірімен көрісіп, ақ тілектерін білдірді. Сонымен қатар қазақтың салт-дәстүрлері жайлы, ұлттық құндылықтардың маңыздылығы түсіндірілді.
Шара мақсаты: осындай тәрбиелік мәні зор шаралар арқылы ата-бабамыздан қалған асыл мұраларды кеңінен насихаттап, ұлттық дәстүріміздің қадір-қасиетін арттыру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, ұлттық құндылықтарды насихаттай отырып, Көрісу күнін дәріптеу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-ekpindi/press/news/details/1181524?lang=kk

Жауап қалдыру