Қайырымдылық күні ел өңірлерінде волонтерлер қайырымдылық акцияларын өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қайырымдылық күні ел өңірлерінде волонтерлер қайырымдылық акцияларын өткізді

Жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі аясында Қайырымдылық күніне орай Қазақстанның түрлі өңірлерінде әлеуметтік тұрғыдан осал топтарды қолдауға және қоғамда қайырымдылық мәдениетін нығайтуға бағытталған акциялар өтті.

Іс-шаралар Шымкент қаласында, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Ақмола, Түркістан, Маңғыстау облыстарында және бірқатар қала мен аудандарда ұйымдастырылды. Жалпы саны 69 іс-шара өткізіліп, оларға 1395 адам қатысты. Акциялар барысында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты қарттарға және тыл ардагерлеріне нақты көмек көрсетілді.

Акциялар аясында мұқтаж жандарға азық-түлік себеттері табысталып, тұрғын үйлердің ауласы мен маңайындағы аумақтарды қардан тазалау жұмыстарына қолдау көрсетілді. Сонымен қатар қайырымдылық концерттері ұйымдастырылып, одан түскен қаражат әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға бағытталды.

Іс-шараларға жастар ұйымдары, волонтерлік қозғалыстардың өкілдері және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері белсенді түрде қатысты.

Өткізілген бастамалар қоғамда қайырымдылық мәдениетін нығайтуға, волонтерлік қозғалысты дамытуға, сондай-ақ мейірім, жанашырлық және аға буынға құрмет көрсету құндылықтарын дәріптеуге ықпал етті.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1181525?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді