Лепсі ауылында Татар этномәдени орталығы мүшелері сайлауға ұлттық киіммен қатысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Лепсі ауылындағы №80 сайлау учаскесіне Татар этномәдени орталығының 30 мүшесі ұйымшылдықпен келіп, өз азаматтық таңдауымызды жасадық.

Біз сайлау учаскесіне ұлттық киімдерімізбен келіп, халқымыздың мәдени дәстүрін дәріптей отырып, ел болашағына деген жауапкершілігімізді көрсеттік. Ұлттық нақыштағы киіміміз – тек сән емес, ол біздің тарихымыз бен болмысымыздың белгісі.

Сайлау күні бірлігімізді танытып, қоғам өміріне белсенді араласу – әрқайсымыз үшін маңызды міндет. Біз үшін дауыс беру – ел дамуына қосқан үлес әрі ортақ болашағымызға деген сенім.

Лепсі ауылында өткен бұл маңызды күні мәдени алуандық пен татулықтың жарасымын тағы бір мәрте айқындай алдық. 🇰🇿🤝

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-lepsi/press/news/details/1181502?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді