
2026 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік қызметшілеріне арналған оқыту семинарын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында Департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы Ә. Әубәкірова Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының бағыттары, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама, мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі туралы айтып, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын түсіндірді, сондай- ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама туралы ақпарат берді.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтің ашық, сервистік және клиентке бағдарланған моделін қалыптастыруына және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруына ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша барлық қызықтырған сұрақтарына толық жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1181385?lang=kk

Жауап қалдыру