⚜️ Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сіздерді береке мен бірліктің, татулық пен түсіністіктің, ізгілік пен жаңарудың жаршысы болған көктемнің шуақты – Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Амал – халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан тағылымды дәстүрі мен ұлттық құндылықтарының айқын көрінісі. Бұл күні ағайын-туыс, көрші-қолаң бір-бірімен қауышып, төс қағыстырып көрісіп, ақжарма тілектерін арнайды. Көрісу күні – адамдарды жақындастырып, өкпе-ренішті ұмытып, сыйластық пен мейірімділікті дәріптейтін ерекше мейрам.

Жасампаздықтың бастауы саналатын бұл мереке әр шаңыраққа құт-береке әкеліп, еліміздің өсіп-өркендеуіне, халқымыздың амандығы мен бірлігінің арта түсуіне жол ашсын.

Баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға бақ-береке, ырыс пен молшылық тілеймін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болып, Амалдан амалға аман-есен жете берейік!

Құрметпен,
Ақтау қаласының әкімі
Әбілқайыр Байпақов

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1182479?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді