
Соңғы кезде «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ басшылығы ретінде өздерін таныстыратын алаяқтардың жағдайлары тіркелді. Алаяқтар хабарламаларда басқарма басшылығының атын жамылуы немесе әртүрлі сұраныстармен телефон қоңыраулары шалуы мүмкін.
Сондықтан, сізден сақ болуды және мұндай сұраныстарға жауап бермеуді сұраймыз.
Жеке ақпаратты, ақшаны немесе басқа да құпия ақпаратты жария етпеңіз.
Алынған ақпараттың растығын тексеру үшін басқармаға 8 (7232) 40-11-27 телефоны арқылы хабарласа аласыз.
Егер сізге осындай қоңыраулар немесе хабарламалар келіп түссе, дереу байланыс орнатуды тоқтатып, қажет болған жағдайда бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарлауды ұсынамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-gask/press/news/details/1182481?lang=kk

Жауап қалдыру