17 наурыз – Наурызнама онкүндігі аясындағы ерекше күндердің бірі – Шаңырақ күні. Бұл мереке – отбасы құндылықтарын дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын, береке мен бірліктің символына айналған маңызды күн

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Осы айтулы күнге орай Оразбаевтар әулетінде тағылымы мол, өнегелі кездесу ұйымдастырылды. Шаңырағы биік, бірлігі бекем бұл әулет көпшілікке үлгі боларлықтай отбасылық дәстүрлерді сақтап, ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беріп келеді.

Іс-шара барысында отбасы құндылықтарының маңызы, ата-анаға құрмет, үлкенге ізет, кішіге қамқор болу сынды асыл қасиеттер кеңінен әңгіме арқауына айналды. Әулет үлкендері өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жас буынға бағыт-бағдар берді.

Кеш барысында әсем ән шырқалып, ұлттық билер биленіп, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Осындай рухани кездесулер ұлттың мәдени мұрасын сақтауға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға зор үлес қосады.

Шаңырақ – тек үйдің ғана емес, тұтас елдің бірлігінің белгісі. Сондықтан әрбір отбасының татулығы мен берекесі – қоғам тұрақтылығының кепілі.

Баршаңызды Шаңырақ күнімен құттықтай отырып, әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, ынтымақ пен бірлік тілейміз!

https://www.instagram.com/reel/DV-b1SbDFgH/?igsh=MTM3M2RhZzIybWUwYQ==

https://www.facebook.com/share/r/18Y4Hsh5wt/?mibextid=wwXIfr

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-yshkudyk/press/news/details/1182900?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді