
Бүгін А.Иманов көшесі бойында (Коммуналдық арзан базар алды алаңында) ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге барлығы 15 көлікпен ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілді. Сауда барысында тұрғындарға 1,5 тонна ет өнімдері, 0,5 тонна бал өнімдері, 150 литр сүт өнімдері, 7 тоннадан астам картоп, жуа, сәбіз және басқа да азық-түлік өнімдері, сондай-ақ 3 тонна күріш өнімдері ұсынылып, толықтай сатылды.
Аталған жәрмеңке ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өз өнімдерін тиімді өткізуге мүмкіндік берсе, тұрғындарға сапалы өнімдерді нарық бағасынан төмен бағада сатып алуға жағдай жасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1182899?lang=kk

Жауап қалдыру