Астанада ата-әжелер ұлттық киімдер шеруін өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада Есіл ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері «Наурызнама – Ұлттық киім күні» аясында «Қазақтың ұлттық киімі – ұлттың мәдени құндылығы» тақырыбында ұлттық киімдер шеруін өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараның мақсаты – ұлтымыздың дәстүрлі киімдерін, мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын дәріптеу. Мереке күні ұлттық киім киген орталықтың зейнеткер ата-әжелері Қонаев көшесімен жүріп өтіп, Бәйтерек монументіне аялдады. Ақ тілектерін ақтара айтып, ұлттық нақышта би де биледі.

Сонымен қатар зейнеткерлерді бір топ өнерлі жастар қолдап қатарға қосылды.

«Биыл салт-дәстүр мен ұлттық стильді, ұлттық мінезімізді айшықтайтын ұлттық киім күні ерекше көңіл күйде өтті. 18 наурызда ұлттық киім шеруін өткізуді Есіл ауданының ата-әжелері дәстүрге айналдырған. Бүгін шеруде 100-ге жуық зейнеткер атсалысып, 3 қатарға бөлініп жүріп өтті» – деп пікір білдірді Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мәдени ұйымдастырушысы Гүлшат Әлекешқызы.

Іс-шарада «Ауыл» партиясының жастары бастама жасап, дәмді бауырсақ, құрт-ірімшік, балдай тәтті қымыз ұсынды. Осылайша салт-дәстүріміз дәріптелді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1184265?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді