
17 наурыз күні Өркендеу ауылдық округі бойынша Наурызнаманың 10 күндігіне орай,
Жанкент ауылдық мәдениет Үйі жанындағы “Адал адам” мәдени-тәрбие орталығының “СҰХБАТ – ТІМЕ” жобасы аясында ✓5 Аққоян Бөбекжай Балабақшасы ұжым қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Шаңырақ күніне орай
“Отбасы бақыт – Мекені” атты “Панабековтер” отбасының мүшелері, ұлағатты ұстаздар, еңбекқор отбасы Панабекұлы Мейірімнің отбасымен кездесу кеші болып өтті.
Мақсаты Отбасы құндылығын насихаттау.
Кездесу кешіне “Панабековтер”отбасының мүшелері, Гүлнәр анамызбен ұстаздарымыз Панабекұлы Мейірім мен Аязбай Мөлдір балаларымен бірге арнай қатысып, отбасы құндылығы туралы сұрақтар жауап беріп, шаңырақ шаттығы туралы өз пікірлерімен бөлісіп, жас отбасыларға еңбекқорлық, татулық туралы айтып, түрлі сауалдарға жауап беріп өтті.
Кеш аясында отбасы мүшелерінің бірі Аязбай Мөлдір “Қос бәйтерегім”, “Әке”, “Ана туралы жыр” тағы, басқа әндерді орындап кездесу кешін думанға бөледі.
Аққоян бөбекжай балабақшасының ұстаздарына ұжымға, “Панабековтер”отбасының мүшелері
ақ баталарын беріп тарқасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-orkendeu/press/news/details/1184262?lang=kk

Жауап қалдыру