Бүгін елімізде жаңа Конституция жобасын қабылдау бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Дауыс беру учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Төлеби ауданында референдумға қатысу белсенділігі жоғары. Аудандағы барлық сайлау учаскелерінде мемлекеттік Әнұран шырқалып, алғашқы сайлаушылар өз таңдауларын жасап, дауыс беруде.
Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов та азаматтық борышын орындап, референдумда дауыс берді. Ол тұрғындарды ел болашағына бейжай қарамай, референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Төлеби ауданы бойынша референдум учаскелерінің саны – 69. Қазіргі таңда аудан халқы 121 мыңнан астам адамды құрайды. Оның ішінде 69 358 азаматтың дауыс беру құқығы бар. Бұл жалпы халықтың 56,9 пайызына тең.
Республикалық референдумға аудан жоғары деңгейде дайындалған. Жалпы 425 комиссия мүшесі жұмыс істеуде. Комиссия мүшелерінің 97%-ы сайлау және референдум өткізу тәжірибесіне ие. Сонымен қатар бақылаушылар дауыс беру барысын тұрақты қадағалап отыр.
Референдум учаскелері қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Жалпы ауданда референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тұрғындардың белсенділігі байқалуда.
Жауап қалдыру