Қарағандыда такси жүксалғышынан үш келіге жуық есірткі табылып, ірі тасымалдаушы ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағандыда такси жүксалғышынан үш келіге жуық есірткі табылып, ірі тасымалдаушы ұсталды
Қарағанды облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген арнайы операция барысында облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны ұсталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті қала маңындағы елді мекендердің бірінде жасырын қойылған есірткіні алу кезінде анықталған. Одан кейін ол такси шақырып, Қарағанды қаласына бағыт алған. Алайда жолда полиция қызметкерлері автокөлікті тоқтатты. Тексеру кезінде жолаушы өз еркімен ішінде ұнтақ тәрізді зат бар алты полимерлі пакетке салынған ораманы тапсырды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 2 келі 850 грамм болатын A-PVP психотроптық заты екені анықталды. Ұсталған адам берген мәлімет бойынша күдікті анонимді жетекшісінің нұсқауымен әрекет етіп, тыйым салынған затты басқа жерге жеткізуді көздеген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1184131?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді