Қазіргі уақытта азаматтарға белгісіз адамдар телефон арқылы хабарласып, өздерін банк қызметкері, әкімдік өкілі немесе полиция қызметкері ретінде таныстырып, түрлі сылтаулармен жеке мәліметтер мен SMS арқылы келген құпия кодтарды сұрау фактілері кездесуде. Кей жағдайда олар азаматтарды қорқытып немесе сеніміне кіріп, банк картасының деректерін, жеке сәйкестендіру нөмірін және басқа да мәліметтерді алуға тырысады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Мұндай жағдайда азаматтардың барынша сақ болғаны жөн. Естеріңізге сала кетейік, банк қызметкерлері мен құқық қорғау органдары телефон арқылы құпия кодтарды, банк картасының нөмірін немесе басқа да жеке деректерді сұрамайды.

Егер сізге осындай күмәнді қоңыраулар түссе, оларға сенбеңіз, жеке мәліметтеріңізді ешкімге айтпаңыз және SMS арқылы келген кодтарды бермеңіз. Күмәнді нөмірлерден келген хабарламалар мен қоңырауларға сақтықпен қараған жөн.

Шымкент қаласы Полиция департаменті азаматтарды аса мұқият болуға шақырады

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1184268?lang=kk