Қостанайда digital-Наурыз онкүндігі аясында халықаралық киберспорт турнирі басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

14 наурыз күні Қостанай қаласында Орталық Азияның үздік командаларын біріктірген ALLUR CYBERLAND CUP 2026 халықаралық киберспорт турнирі өз бастауын алды. Жарыс Cyberland premium алаңында өтіп жатыр. Іс-шараға ойыншылар, жанкүйерлер және өңірдің киберспорт қауымдастығының өкілдері жиналды.

Турнирге Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен келген 8 команда қатысуда. Қатысушылар 2 000 000 теңге көлеміндегі жүлде қоры үшін және халықаралық турнирдің чемпионы атағы үшін бақ сынайды.

Жарыс екі кезеңнен тұрады. Алдымен топтық кезең өтеді: командалар GSL жүйесі бойынша best-of-3 форматында ойнайды, яғни әр серия екі жеңіске дейін жалғасады. Топтық кезең қорытындысы бойынша үздік командалар плей-офф кезеңіне жолдама алады. Плей-офф Single Elimination жүйесі бойынша best-of-3 форматында өтеді — жеңілген команда турнирден шығады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнирдің басты мақсаты — өңірде киберспортты дамыту, Орталық Азия командалары арасындағы ынтымақтастықты нығайту және жас талантты ойыншыларды қолдау. Сондай-ақ көрермендерді тартысты әрі қызықты матчтар күтуде.

ALLUR CYBERLAND CUP 2026 турнирі Цифрландыру және жасанды интеллект жылы, сондай-ақ DIGITAL-Наурыз онкүндігі аясында өтіп жатыр. Бұл шара киберспортты кеңінен насихаттауға және өңірдегі ойыншылар мен ұйымдар арасында тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаң болмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1184261?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді