Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
🔰17 наурызда Түркістан қаласындағы жаңадан салынған атшабарда көкпардан әлем чемпионаты жалауын көтерді. Дүбірлі додаға әлемнің 9 елінен командалар қатысуда. Атап айтқанда, Ауғанстан, Қытай, Мажарстан, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия және Қазақстан құрамалары жүлде жолында бақ сынайды.
▪️Салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Аманбай Нұрмұханбетов, Бүкіләлемдік Көкпар қауымдастығының президенті Данияр Қобыландин, жарыстың бас төрешісі Жанысбек Саев, сондай-ақ көкпардан Кеңес Одағының 9 дүркін чемпионы, ардагер спортшы Әбілхан Дауылбаев қатысушыларға сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйледі.
▪️Жарыс регламентіне сәйкес, 17-19 наурыз күндері топтық кезең ойындары өтіп, үздік шыққан командалар жартылай финалға жолдама алады. 20 наурызда жартылай финалдық кездесулер ұйымдастырылса, 21 наурыз күні шешуші ойындар өтіп, чемпион мен жүлдегерлер анықталады.
▪️Айтулы жарысты ұйымдастыруға Дүниежүзілік Көкпар қауымдастығы, Қазақстан Республикасының Көкпар федерациясы, Ұлттық және ат спорты орталығы және Түркістан облысы әкімдігі бірлесіп атсалысуда.
📌Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры – 30 миллион теңге.
▪️Жарысқа қатысушылар Түркістандағы заманауи атшабардың сапасы мен әлеуетін жоғары бағалады. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің қолдауымен өңірде спорт инфрақұрылымы қарқынды дамып келе жатқанын айта кеткен жөн.
▪️Айта кетейік, көкпардан әлем чемпионаты соңғы рет 2017 жылы өткен болатын. Араға тоғыз жыл салып, тарихи дода қайтадан Түркістан төрінде ұйымдастырылып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
__________
В ТУРКЕСТАНЕ СТАРТОВАЛ ЧЕМПИОНАТ МИРА ПО КОКПАРУ
🔰С 17 марта на новом ипподроме города Туркестана пройдет чемпионат мира по кокпару. В масштабных соревнованиях принимают участие команды из девяти стран мира. За призовые места борются сборные Афганистана, Китая, Венгрии, Монголии, Российской Федерации, Таджикистана, Узбекистана, Турции и Казахстана.
▪️На торжественной церемонии открытия с приветственным словом и пожеланиями выступили заместитель председателя Комитета по делам спорта и физической культуры Министерства туризма и спорта РК Аманбай Нурмуханбетов, президент Всемирной ассоциации кокпара Данияр Кобыландин, главный судья соревнований Жанысбек Саев, а также девятикратный чемпион Советского Союза по кокпару, ветеран спорта Абильхан Дауылбаев.
▪️Согласно регламенту соревнований, с 17 по 19 марта пройдут игры группового этапа, по итогам которых лучшие команды получат путевки в полуфинал. 20 марта будут организованы полуфинальные встречи, а 21 марта состоятся решающие игры, где определятся чемпион и призеры турнира.
▪️В организации чемпионата совместно участвуют Всемирная ассоциация кокпара, Федерация кокпара Республики Казахстан, Центр национальных и конных видов спорта и акимат Туркестанской области.
📌Общий призовой фонд чемпионата мира составляет 30 млн тенге.
▪️Участники соревнований высоко оценили качество и потенциал современного ипподрома в Туркестане. При поддержке акима области Нуралхана Кушерова в регионе динамично развивается спортивная инфраструктура.
▪️Напомним, последний чемпионат мира по кокпару проводился в 2017 году. Спустя девять лет историческое первенство вновь организовано на священной земле Туркестана.
Пресс-служба акима Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1183828?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді