Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта және ОАЖБ (оңалту және абилитацияның жеке бағдарламасын) орындау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласында 2026 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін объектілерді бейімдеу жоспарын іске асыру мен оңалту және абилитацияның жеке бағдарламаларын уақтылы орындау мәселелері – Департамент басшысы М.Т. Муратбековтың Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарымен өткізген кеңесінің негізгі тақырыбы болды.

 

Кеңеске Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылығы мен қала аудандары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Ағымдағы жылы, қала бойынша әлеуметтік инфрақұрылымның 1 823 объектісін бейімдеу жоспарланған. Осы жоспарды іске асыру мақсатында қала әкімінің орынбасары әр аудан бойынша ай сайынғы бейімдеу кестесін бекітті.

 

Департамент басшысы объектілерді бейімдеу барысында сапа мен мерзімнің сақталуына ерекше назар аударып, формальды тәсілге жол бермеу қажеттігін атап өтті.

 

ОАЖБ-ны уақтылы орындау – мүгедектігі бар азаматтарды қоғам өміріне белсенді тартудың маңызды тетігі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ОАЖБ-ны орындау көрсеткіші 87,5% құрады. 2026 жылғы 19 наурыздағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 39,1% деңгейінде.

Сонымен қатар, оңалту құралдарын жеткізушіні жедел таңдаудың маңыздылығы туралы азаматтарды уақтылы хабардар ету қажеттігі атап өтілді. Осы ретте, кеңеске қатысушыларға тиісті тапсырмалар берілді.

Жалпы, Департамент басшысы атап өткендей, аталған мәселелер Департаменттің тұрақты бақылауында, ал жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін ай сайын кеңестер өткізілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-almaty/press/news/details/1185305?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді