Тауарларды экспорттауды растау

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Мыналар тауарларды экспорттауды растайтын құжаттар болып табылады:
-өзгерістер, толықтырулар жəне оларға қосымшалар ескеріле отырып, тауарларды экспорттауды жүзеге асыруға негіз болатын шарттар (келісімшарттар) (бұдан əрі – шарттар (келісімшарттар), ал тауарлар лизингі немесе заттар түрінде қарыз берілетін жағдайда – лизинг шарттары (келісімшарттары), заттар түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар), тауарларды дайындауға арналған шарттар (келісімшарттар);
-аумағына тауарлар импортталған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық органының жанама салықтарды төлеу жəне (немесе) оларды төлеуден босату жəне (немесе) төлеудің өзге тəсілі туралы белгісі бар, тауарларды əкелу жəне жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасы немесе көшірмелері не электрондық нысанда);
-ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың өткізілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.
Тауарларды магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы экспорттау жағдайында тауарларға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі ұсынылады;
-авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік органның зияткерлік меншік объектісіне құқығы туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісін экспорттау жағдайында оның құны туралы растауы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1185306?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді