ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА НАУРЫЗНАМА ОНКҮНДІГІ АЯСЫНДА ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШТАРДЫҢ РОБОТОТЕХНИКА КӨРМЕСІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
⚜️Ауданда Наурызнама онкүндігі аясында мазмұны бай, болашаққа бағытталған ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Аудандық Мәдениет үйінде жалпы білім беру мектептерінің оқушылары қатысқан робототехника көрмесі өтіп, жас дарындардың тың ізденістері мен заманауи технологияға деген қызығушылығы көрініс тапты.
⚜️Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін Наурыз мерекесі аясында ұйымдастырылған бұл көрме – өскелең ұрпақтың салт-дәстүрмен қатар, ғылым мен білімге құлшынысын артыру мақсатындағы игі шара.
⚜️Іс-шара барысында мектеп оқушылары өздері құрастырған робот үлгілерін таныстырып, олардың жұмыс істеу принциптері мен мүмкіндіктерін жан-жақты түсіндірді. Әрбір жоба балғын ойдың батылдығы мен ізденістің жемісі екені анық аңғарылды. Қарапайым идеядан бастау алған туындылардың ішінде тұрмысты жеңілдетуге бағытталған, түрлі салада қолдануға болатын инновациялық жобалар көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
⚜️Көрмеге аудан әкімінің орынбасары Ілияс Тұрнияз қатысып, жас өнертапқыштардың еңбегіне жоғары баға берді. Өз сөзінде ол бүгінгі жастар – елдің ертеңі екенін атап өтіп, осындай бастамалардың маңыздылығына ерекше тоқталды. Жас буынның білімге құштарлығы мен технологияға деген қызығушылығы – еліміздің болашағына жасалған сенімді қадам екенін жеткізді.
⚜️Көпшілік қауым көрмені аралап, оқушылардың жобаларымен танысып, өз пікірлерін білдірді. Олар мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін шыңдап қана қоймай, ғылыми ізденіске деген ынтасын арттыратынын атап өтті.
⚜️Көрме соңында оқушылардың жүзінен қуаныш пен мақтаныш сезімі анық байқалды. Олардың бойындағы жалын мен жігер, жаңашылдыққа деген ұмтылыс – ертеңгі ел дамуының кепілі екені сөзсіз.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1185478?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді