ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫ КҮН ТӘРТІБІНДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Білім мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде мектеп оқушылары арасындағы ерте жүктіліктің себептері мен оның алдын алу шаралары талқыланды. Жауапты мамандардың мәліметінше, жыл басынан бері өңірде кәмелетке толмаған қыздар арасында 27 ерте жүктілік фактісі тіркелген. Оның 4-і — 18-19 жастағы тұрмыс құрған қыздар болса, 23 жағдай 16-17 жастағы жасөспірімдер арасында анықталған.

Сонымен қатар, кеңесте жастар арасындағы өз-өзіне қол жұмсау және құқықбұзушылық фактілерінің жиілеуі де назардан тыс қалмады. Аталған бағытта жыл басынан бері 3 жасөспірім суицид жасағаны белгілі болды.

Басқосуға Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Байділда Шиналиев қатысып, сала бойынша өзекті мәселелерге тоқталды.

Жиында облыстық білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбеков, денсаулық сақтау басқармасының Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Айжан Терлікбаева және Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Алишер Калышев баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді.

Кеңес мүшелері аталған мәселелердің алдын алу бағытында бірқатар ұсыныстар айтып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді.

Жастардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау — баршаға ортақ міндет екені атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1185477?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді