
Наурыз мерекесін атап өту аясында, Наурызнама күнтізбесіне сәйкес, 20 наурыз күні Қазақстанда Ұлттық спорт күні аталып өтеді. Бұл мереке дәстүрлі спорт түрлерін насихаттауға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
Осы күні Абай облысы Полиция департаменті ұлттық ойындарды дамыту және дене белсенділігін арттыру мақсатында бірқатар спорттық іс-шаралар ұйымдастырды. Жарыстарға полиция қызметкерлері қатысып, өздерінің күш-жігерін, төзімділігін және командалық бірлігін көрсетті.
Іс-шара бағдарламасына қазақ халқының бай мәдени мұрасын айқындайтын ұлттық спорт түрлері мен ойындары енгізілді. Мұндай бастамалар ұжымдық рухты нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және ұлттық дәстүрлерге деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді.
Абай облысы Полиция департаментінде ұлттық спортты қолдау және дамыту – дені сау, рухани бай қоғам қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі екені атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1186494?lang=kk

Жауап қалдыру