Дәстүр мен технология үндестігі: Ақтөбеде интерактивті киіз үй ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбеде Цифрландыру жылы аясында «Қазақ халқына мың алғыс» стеласы алаңында ерекше форматтағы заманауи киіз үйдің таныстырылымы өтті. Инновациялық жоба ұлттық дәстүр мен озық технологияны үйлестіріп, тұрғындар мен қонақтардың қызығушылығын тудырды.

Киіз үйдің ішкі кеңістігі толықтай интерактивті LED-экрандармен жабдықталған. Мұнда келушілер VR-көзілдірік арқылы Ақтөбе өңірінің тарихи және киелі орындарына онлайн саяхат жасай алады. Сонымен қатар көрмеде гуманоид роботтар да таныстырылып, цифрлық технологиялардың бүгінгі мүмкіндіктері көрсетілді.

Көрмеде жоғары политехникалық колледж студенттерінің де жұмысы ұсынылды. Ақпараттық технологиялар мамандығында білім алып жүрген жастар шахмат ойнауға арналған қытайлық роботты жасанды интеллект арқылы жетілдірген. Қазір олар құрылғының бағдарламалау тілін қазақшаға бейімдеу бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, мұндай бастамалар өңірде цифрлық мәдениетті қалыптастыруға және жас мамандардың әлеуетін арттыруға ықпал етпек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/1185829?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді