Аудан әкімінің Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Құрметті жерлестер!
Қадірлі аудан тұрғындары!

Баршаңызды исі мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын мереке – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын!
Ораза айт – мейірім мен қайырымдылықтың, сабыр мен шүкіршіліктің, ізгілік пен кешірімнің айқын көрінісі.
Шежірелі өлкеміздегі ынтымақты ел – жұртымыздың рамазан айында жасаған игі амалдары мен ізгі ниеттеры осы айт күндері еселеніп, әр шаңыраққа береке мен бақ әкелсін.
Бұл мереке адамдарды бір-біріне жақындастырып, татулық пен бірлікті нығайта түспек. Сондықтан ата-бабамыздан жалғасқан ізгі дәстүрлеріміз ұлықталып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетілетін адами құнлылықтарымыз айшықтала берсін!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға баянды бақ -береке тілеймін. Әрбір атқан таң бейбітшілік пен жақсылықтың жаршысы болсын!
Ораза айт құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1186186?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді