
«Көкше Арена» көпфункционалды спорттық кешенінде «Халық таңдауы – жарқын болашақ» флэш-фестивалі аясында өткен«Syrmaq fest» облыстық көрме-фестивалі – ұлттық рухты асқақтатып, дәстүр мен заманауи мәдениетті үйлестірген тағылымы мол, тағдыры терең тағылымды шараға айналды.
Іс-шараның шымылдығы ұлттық нақыштағы әсерлі көрініспен түріліп, қонақтарды спорт кешенінің алдында Бурабай ауданы мен Атбасар ауданы хореографиялық ұжымдары сән-салтанатымен, ұлттық киім үлгілеріндегі әсем көріністерімен қарсы алды. Кіреберісте Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі экскурсоводы Гүлден Аққошқарова келген қауымды ұлттық сән үйлері мен қолөнер шеберлерінің бірегей туындыларымен таныстырып, көрменің мазмұнын тереңдете түсті. «Ақай», «Светлана» сән үйлері, шебер Күлжазира Хабдыразақ, «Жұмбақтас» ұжымы және «Маленькие леди» сән театры ұсынған жұмыстар ұлттық эстетиканың айқын көрінісіне айналды.
Көрменің жүрегі іспетті негізгі бөлігінде ұзындығы 800 метрге жуық сырмақтар тізіліп, соның 300 метрге жуығы Целиноград ауданының Қараөткел ауылы, Талапкер ауылы, Қоянды ауылы тұрғындарының қолөнер туындыларымен көмкерілді. Бұл – өңірде сырмақ өнерінің қайта жаңғырып, қарқынды дамып келе жатқандығының айқын дәлелі. Сырмақтармен көмкерілген кеңістікке жиналған 100-ге жуық әжеден құралған ансамбль мен шеберлер қауымы кештің ажарын кіргізіп, ұлттық мұраның шынайы иелерін танытты.
Фестиваль аясында екі қанатқа орналасқан 120-дан астам өнерпаздан құралған «Шашу», «Көкек», «Көкше әуендері», «Сазды әуен», «Дударай», «Мирас әуендері», «Арқа әуені», «Бұланды назы», «Қазына», «Шертер» фольклорлық ансамбльдері қазақтың бай музыкалық мұрасын дәріптеп, көрерменге рухани ләззат сыйлады.
Салтанатты бөлімде Марат Ахметжанов құттықтау сөз сөйлеп, ұлттық құндылықтарды ұлықтаудағы мұндай игі бастамалардың маңызын атап өтті. Сондай-ақ өңірдің мәдени дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды. Атап айтқанда, Жабал Ерғалиев І дәрежелі «Барыс» орденімен, Дастан Әкімов «Құрмет» орденімен, ал Майя Әркенова мен Бауыржан Ыбыраев «Ерен еңбегі үшін» медалімен

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1186185?lang=kk

Жауап қалдыру