
«Квадрат» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде учаскелік полиция инспекторлары азаматтық қару иелерін тексеру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтық қарудың заңды сақталуын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері:
-
қаруды сақтау талаптарының сақталуын,
-
рұқсат құжаттарының жарамдылығын,
-
қаруды заңсыз пайдалану деректерінің бар-жоғын анықтайды.
Ерекше назар қаруды сақтау шарттарына аударылуда: қару арнайы сейфтерде сақталуы тиіс, ал оқ-дәрілер бөлек орналастырылуы қажет.
Іс-шара барысында анықталған заң бұзушылықтар бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Сонымен қатар, азаматтарға қаруды қауіпсіз сақтау мен пайдалану талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1186251?lang=kk

Жауап қалдыру