Абай облысында “Демалыс” жедел профилактикалық іс-шарасы басталды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысының аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және мектеп каникулы кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 26–28 наурыз аралығында «Демалыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

👮‍♂️Аталған іс-шара шеңберінде полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарының өкілдерімен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың жаппай жиналатын орындарында, оның ішінде компьютерлік клубтарда, сауда-ойын-сауық орталықтарында және өзге де қоғамдық орындарда рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Іс-шара барысында түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтауға, ата-аналардың немесе заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамау фактілерінің алдын алуға, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жолын кесуге ерекше назар аударылуда.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандармен және олардың ата-аналарымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қолданыстағы заңнама талаптары мен құқық бұзушылық үшін көзделген жауапкершілік туралы ақпарат берілуде.

🚨Осыған байланысты полиция ата-аналарды демалыс кезеңінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың жүрген жерін тұрақты бақылауда ұстауға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1187800?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді