
Ақтөбеде жалпыұлттық «Таза Қазақстан» акциясы аясында көктемгі сенбіліктер басталды. Қала тұрғындары жаппай өз аулаларын жинауға шықты.
Өңір басшысы Асхат Шахаров қала әкімі Азамат Бекетпен бірге абаттандыру жұмыстарының барысымен танысып, бірнеше учаскеге барып, тұрғындармен әңгімелесті. Қала тазалығын сақтау маңызды, ол – әрбір тұрғынның міндеті екенін алға тартты.
Ә.Молдағұлова даңғылы №12 к1 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үй ауласында тұрғындар мен ПИК өкілдері бірлесіп, аумақты қоқыстан тазартып, белсенділік танытты. Тұрғындармен қатар кәсіпкерлер де өз нысандарының айналасын ретке келтірді.
Асхат Шахаров олардың бұл ісін жоғары бағалап, алғысын білдіріп, мұндай шаралар қаланы таза ұстауға ғана емес, адамдардың басын біріктіруге де септігін тигізетінін айтты.
«Ақтөбедегі тазалық – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Тек бірлескен күшпен біз тәртіпті сақтап, қаламызды тұрмысқа жайлы ете аламыз. Әрбір тұрғын қаланың тазалығы жеке жауапкершіліктен басталатынын түсінуі керек, ол – аса маңызды», – деді облыс әкімі.
Облыстағы сенбіліктер 28 наурыздан 30 мамырға дейін жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1189034?lang=kk

Жауап қалдыру