Көктем әуені мен мейірімді жүректер: ШҚО полицейлері «Үміт» тәрбиеленушілерін құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көктем әуені мен мейірімді жүректер: ШҚО полицейлері «Үміт» тәрбиеленушілерін құттықтады

Наурыз мейрамы қарсаңында «Үміт» балалар үйінің қабырғасында тек әсем әуен ғана емес, көктемнің шуақты лебі естілгендей болды. Шығыс Қазақстан полицейлері балаларға нағыз мереке сыйлау үшін қатаң қызметтік киімдерін шығармашылық костюмдерге алмастырды.

Жылылық пен бірлікке толы мерекелік бағдарлама аясында хор, аспаптық ансамбль және би топтары өнер көрсетті. Өз құттықтауларында полиция қызметкерлері балаларды алдына биік мақсат қоюға, сабақты жақсы оқуға және армандарына сенуге шақырды. Сондай-ақ, еңбекқорлық пен табандылық кез келген өмірлік жетістікке жол ашатынын атап өтті.

Мереке соңында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының атынан әрбір тәрбиеленушіге естелік сыйлықтар табыс етілді. Бұл игі қадам — шынайы көңіл мен қамқорлықтың нағыз ғажайыптар жасауға негіз болатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Балалардың жүрегінде әрдайым жақсылыққа деген сенім ұялап, алдағы жолдары қуаныш пен үмітке, жаңа мүмкіндіктерге толы болсын!


ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1188175?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді