Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ-ның алдағы уақытта ішкі рейстерде әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету және жүктерді өңдеу қызметтері бойынша бағалардың көтерілетіні туралы хабарламасын қарау кезінде жария тыңдаулар өткізілетіндігін мәлімдейді.
Жария тыңдаулар 2026 жылғы 6 сәуірде сағат 15-00-де, ZOOM арқылы онлайн режимінде өткізіледі (конференция идентификаторы: 791 769 1615, кіру коды: 12345).
Жария тыңдауларға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.
Байланыс телефондар: +7 7172 57-23-16; +7 701 886 80 20.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/1188174?lang=kk

Жауап қалдыру