
Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліповтің төрағалығымен кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстар бойынша жиын өтті.
Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, жауапты бөлім басшылары, сондай-ақ прокуратура және полиция органдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуына жол бермеу, сондай-ақ аталған бағыттағы профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.
Жиын барысында жауапты сала өкілдері атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын ұсынды.
Жиын қорытындысында қала әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршамызға ортақ міндет екенін атап өтіп, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді.
Қазіргі таңда Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан құқықбұзушылықтың алдын алу және балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1189104?lang=kk

Жауап қалдыру