Маусымның алғашқы ойыны! 🤩

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Құрметті жанкүйерлер, 2 сәуір күні Түркістан Арена стадионында жаңа маусымның алғашқы ойыны өтеді!
Алғашқы турда біз Түркістандық «Тұран» футбол командасы Шымкенттік «Оңтүстік Академия» командасын өз алаңымызда қабылдаймыз. Бұл маусымдағы алғашқы қадам, алғашқы эмоция, алғашқы жеңіске бастар жол!
Сіздердің қолдауларыңыз біз үшін өте маңызды! Стадионға келіп тек матч тамашалап қана қоймай:
✨ жұлдыздардың қатысуымен өтетін арнайы шоуға куә боласыздар
🎁 қызықты ұтыс ойындарына қатысып, бағалы сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігіне ие боласыздар
👏 нағыз футбол атмосферасын бірге сезінеміз
Біз маусымға дайынбыз, жанкүйерлер!
Ал сіздер дайынсыздар ма?

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1189103?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді