«Таза Қазақстан»: ауыл оқушылары табиғатқа жанашырлықтың нақты үлгісін көрсетуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Алғабас ауылындағы Молдаш Қаналиев атындағы мектеп жанындағы «Экоқорғаушылар» еріктілер тобы – «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасының жарқын үлгісі.
2022 жылдан бері педагог Нұрболат Серікұлы жетекшілік ететін топ бүгінде 40-қа жуық оқушыны біріктіріп, табиғатты қорғау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Олардың әрбір ісі – қоршаған ортаны таза ұстауға қосылған нақты үлес.
Жыл мезгілдеріне сай атқарылған жұмыстар ауқымды:
🐟 5000-ға жуық балық құтқарылды
🌿 2 бұлақтың көзі ашылды
🌳 100-ге жуық ағаш егілді
♻️ 500 кг қоқыс қайта өңдеуге тапсырылды
🌱 «Наурызнама» онкүндігі мен «Таза Қазақстан» аясында жас экологтар ерекше белсенділік танытты: ауыл ішіндегі арықтарды тазалап, мұз қалдықтарын шығарып, құстарға жем қораптарын орнатты. Бұл жұмыстар – табиғатқа деген жанашырлықтың және экологиялық мәдениеттің нақты көрінісі.
Топ мүшелері тек экологиямен шектелмей, қайырымдылық бағытында да үлгі көрсетіп жүр. Олар жалғыз басты қарияларға көмектесіп, аулаларын тазалап, ағаш отырғызып, қоғамға жанашырлықтың маңызын дәлелдеуде.
Заманауи бағыт та назардан тыс емес: оқушылар жасанды интеллект көмегімен табиғатты қорғау тақырыбында танымдық анимациялық мультфильм әзірледі.
Жас экологтардың еңбегі жоғары бағалануда: түрлі деңгейдегі байқауларда жүлделі орындарға ие болып, «ЭкоФест» байқауының қорытындысы бойынша 5 оқушыға әрқайсысына 900 000 теңге көлемінде білім гранты табысталды.
📅 Ал 2026 жылғы 26 наурызда «Экоқорғаушылар» тобы үшін маңызды кездесу өтпек – олар Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаевпен жүздесіп, өз жобаларын таныстырады.
✨ «Таза Қазақстан» – бұл тек акция емес, бұл – өмір салты. Ал Алғабас ауылының жас экологтары осы ұстанымды нақты істерімен дәлелдеп келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1189277?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді