Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Департаменттің “Арнайы тергеп-тексеру комиссиясын құру туралы” бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің “Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу” туралы 20-тарауы бойынша арнайы комиссия құрылып, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадуллаұлы Сарыағаш ауданында орналасқан «Bah Asmar» ЖШС-де орын алған жазатайым оқиғаға байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді.
Арнайы тексеру комиссиясы жазатайым оқиғаның мән-жайларын жан-жақты зерделеп, тексеру барысында қызметкердің еңбек міндеттерін орындау жағдайы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуы, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалардың жүргізілуі қарастырылды.
Сонымен қатар, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Рауан Жұмадуллаұлы жазатайым оқиғадан зардап шегушіге әлеуметтік құқықтары туралы түсіндірме жүргізді.
Жауап қалдыру