Оңалту орталығының құрылысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысында 150 орындық оңалту орталығының құрылысы жалғасуда.

 «Жетісу облысының құрылыс басқармасы» ММ-сі тапсырысы негізінде құрылысы жүргізіліп жатқан 150 орындық мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталықтың құрылыс барысына 19.03.2026 жылы Департамент басшысы З.Илимжанова, облыстың Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының (әрі қарай – Басқарма) басшысы Е.Мизамбаев және Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары С.Қабдыбектің қатысуымен құрылыс нысанына барып, жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен танысып, құрылыс барысында туындауы мүмкін мәселелерді талқылады.

Құрылыс басқармасының мәліметіне сәйкес, Жетісу облысы Талдықорған қаласында 150 орындық мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығын салу үшін 5 га жер учаскесі бөлінді (Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров көшесі, 1/12 мекенжайы бойынша).

2025 жылғы 16 маусымда мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды, жобаның жалпы құны 9,6 млрд. теңге.

 Құрылыс-монтаж жұмыстарына мердігер «AK Construction Company» ЖШС-мен 2025 жылдың 30 қазанында 9,2 млрд. теңгеге келісімшарт жасалды.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге 2025 жылы ұлттық қордан 1 млрд. теңге, 2026 жылы  республикалық бюджеттен 6,7 млрд. теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі күнге 2,9 млрд. теңге қаражат игерілді.

Нысан құрылысы 2025 жылдың қазан айының 30-ы басталған. Нысан құрылысының нормативті мерзімі 17 айды құрайды.

Жалпы құрылыс жұмыстарының 25%-ы орындалды. 2026 жылдың 30 наурызда нысан құрылысын аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда.

Нысанның нормативті құрылыс мерзімдері бұзылмағанын атап өтеміз. Құрылыс алаңында 62 адам және 12 техника жұмыс істеп жатыр.

А блогы – қайта толтыру – 52%, жертөле қабырғаларын бетондау – 73%, жоғарғы бағандарды орнату – 64%;

В блогы – жоғарғы бөліктің монолитті бағандарын орнату – 50%;

Б блогы – жертөле қабырғаларын нығайту – 80%, ортаңғы бөліктің монолитті бағандарын орнату – 50%, қайта толтыру – 50%;

Г блогы ПБС блогын орнату – 50%, ригельдерді орнату – 30%;

Д блогы – қайта толтыру – 33%, ортаңғы бөліктің монолитті бағандарын орнату – 50%;

Тех. ғимараттар – бағандарды орнату-72%.

Жұмыс тұрақты бақылауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1190283?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді