Павлодарда “Қауіпсіз үй” іс-шарасы аясында профилактикалық жұмыс жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     “Қауіпсіз үй” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында оңтүстік полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Иван Харченко Павлодар облысы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, бұған дейін тұрмыстық сипаттағы шақыртулар жиі түскен мекенжайлар бойынша профилактикалық жұмыс жүргізді.

     Іс-шара барысында қоғамдық тәртіп бұзушылықтар мен тұрмыстық жанжалдар тіркелген “проблемалық” пәтерлер тексерілді. Тұрғындармен заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік және қоғамға жат мінез-құлықтың жол берілмейтіні туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

     Қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарды анықтауға ерекше назар аударылды.   

     Мұндай іс-шаралар тұрмыстық құқық бұзушылықтар деңгейін төмендетуге және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1190285?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді