2026 жылдың 1 тоқсан бойынша кеңесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Департамент басшысы Г.К. Уздембаева қызметкерлермен кеңес өткізіп, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс қорытындыларын саралады. Есепті кезеңдегі қызмет білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға, заңнама талаптарының сақталуына және білім беру саласындағы бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталды.
Кеңесте мемлекеттік бақылау шараларының (қайта мемлекеттік аттестаттау, профилактикалық бақылау, жоспардан тыс тексерулер және лицензиялық бақылау) нәтижелері қаралып, алдағы жұмыстың негізгі бағыттары мен басым міндеттері айқындалды.
Қойылған міндеттерді орындау аясында азаматтардың өтініштеріне талдау жасалды. Мемлекеттік білім беру стандарттарының сақталуына және оқу процесінің тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Жиын барысында: профилактикалық жұмыстарды күшейту, білім беру ұйымдары қызметінің ашықтығын арттыру, білім сапасын қамтамасыз ету тетіктерін одан әрі жетілдіру, Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметін нығайту қажеттілігі атап өтілді.
Департамент қолжетімді әрі сапалы білімді қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім беру процесіне қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған жүйелі жұмысын жалғастыра береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/1190783?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді