
Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2026 жылдың 1 тоқсанында бекітілген жоспарға сәйкес профилактикалық бақылау іс-шаралары жүргізілді.
Есепті кезеңде келесі білім беру ұйымдарында профилактикалық бақылау жүргізілді:
- «№42 негізгі орта мектебі» КММ (Қарағанды қаласы);
- «Бұқар жырау негізгі орта мектебі» КММ (Бұқар жырау ауданы).
Бақылаудың негізгі мақсаттары: Профилактикалық бақылау барысында білім беру қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына (МЖМБС) сәйкестігі, педагогтердің біліктілігі, оқу-әдістемелік базаның жай-күйі және оқушылардың білім сапасы зерделенді.
Фото: ЖИ генерациясы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-karaganda/press/news/details/1190791?lang=kk

Жауап қалдыру