
30 наурыз 2026 жылы жоспарға сәйкес, Департаментің ұжымы арасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Нұрсұлтан Мейрханұлы Досекешовпен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Н.М.Досекешов «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң жобасындағы өзгерізтермен «Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес өздерінің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ тәртіптік жауаптылық рәсімдерін түсіндірді. Кездесу барысында қойылған сауалдарға түсініктемелер беріліп, пікір алмасу өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-aktobe/press/news/details/1190238?lang=kk

Жауап қалдыру